"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бракераж комиссиясының тексеру қорытындысы

 

Бракераж комиссиясының ай сайын тегін тамақтануды

тексеру қорытындысы

 

Мектеп бойынша ай сайын оқушылардың тегін тамақтану сапасын тексеруі жүргізілді. Мектеп асханасында 30 оқушы тегін тамақ ішеді бірінші ауысымда- 20 оқушы, екінші ауысымда-10 оқушы, және  жаңа жылдан  бастап 1 сынып оқушыларына да (барлығы 17 оқушы) мектепте тегін ыстық тамақ берілуі ұйымдастырылған. Асхана іші, тамақ әзірлеу бөлмесі,тоңазытқыш, ыдыс жуатын бөлмесі санитарлық нормаға сәйкес жабдықталып таза қалпында сақталады. Күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітіледі. Асханада оқушыларға арналған қайнатылған су және бір рет қолданыста болатын ыдыс  үнемі бар.  Асханада   дайындалған тағамға сынама жүргізеді, арнайы шыны ыдысқа салып, қақпағын жауып тоңазытқышқа салып қояды,24 сағат тоңазытқышта сақталады. Асханаға келген азық-түліктер арнайы қоймада және тоңазытқышта сақталады, барлық азық -түлікте сертификаттары бар.

Сонымен қатар бракераж комиссия мүшелері оқушыларға берілетін тағамдардың құнарлығын тексереді. Мысалы: Сорпа етпен-300гр, нан-60 гр, шәй қантпен-200гр,тоқаш-75 гр.

Дайындалған  тағамдардың бәрі  санитарлық нормаға сай.

 

 

Мектеп медбикесі:  Кенжебай Нурша

Жаңартылған күні: 26.02.2020 12:05
Құрылған күні: 26.02.2020 16:04

Текст