Күні: 15.11.2019 ж Сынып: 4 «А» |
Мектеп: Өлеңті орта мектебі Мұғалімі: Алданыш Айнагуль Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.1.2.13**бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды екі таңбалы / үш таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану |
||||||
Сабақтың мақсаттары |
Көбейтіндіге бөлу тәсілдерін меңгерту, екі таңбалы санға көбейту мен бөлу. Нөлмен аяқталған сандарға бөлуді үйрету. |
||||||
Жетістік критерийлері |
Барлық оқушылар: -көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлудегі алгоритмді түсінеді және қолдана алады. Оқушылардың көпшілігі: -жазбаша түрде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу алгоритмін шығара алады. Кейбір оқушылар: -нөлмен аяқталатын көптаңбалы санды жазбаша көбейту мен бөлудің алгоритмін құрастыра алады. |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: -бөліндінің мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды екі таңбалы санға бөлуді ескере отырып, кері амалдар қолданып, көбейту арқылы тексереді. Пəндік лексика жəне терминология: Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттерінің атауы, алгоритм, тексеру тәсілі. Диалогке/ жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы. Талқылау: Бөліндідегі сандардың санын қалай анықтауға болады? Бөліндідегі сандардың санын білу несімен ыңғайлы? Жазу: жазбаша түрде көбейту және бөлу. |
||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Физика,дүниетану пәндері |
||||||
Алдыңғы білім |
Жазбаша түрде көбейту және бөлу алгоритмі. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу. Бүгінгі күн терезеден Бізге күліп тұр қарап. Сондай жақсы көңіл күймен Басталады бұл сабақ. Топқа бөліну: 1) Бірліктер класы 2) Жүздіктер класы 3) Мыңдар класы 4) Миллиондар класы Үй тапсырмасын тексеру: 38 бетте №11 есеп шығару. Дәптерді жинап алу Серпілген сауал әдісі арқылы сұрақтар қою Сұрақтарға жауап алу. -Нөлмен аяқталатын сандарды қалай көбейтеміз? (оларды нөлге көңіл аудармай көбейтеміз.Алынған көбейтіндінің мәнінде екі көбейткіште қанша нөл болса, сонша нөлдерді тіркеп жазамыз.) 2.Көптаңбалы сандар қалай оқылады? (соңынан бастап үш – үштен топтап, кластарға бөлеміз. Екінші кластың атауын қосып оқимыз) 3. Миллионға дейінгі сандарды неше класқа бөлеміз? (2) атаулары? ( мыңдар класы, бірліктер класы) әр класта неше разряд бар? ( 3 ) |
Шаттық шеңбері
Топқа бөлу, сандар бойынша
Бетке сұрақ дайындау. |
|||||
Сабақтың ортасы 8 минут
3 минут
5 минут |
Өткен тақырыпты меңгере отырып жаңа тақырыптқа қадам басу үшін Оқушылар екі таңбалы санға бөлу алгоритмін пайдалана отырып, есептеуді түсіндіреді. (Ұ)Топтық жұмыс Әрі қарай оқушылар 3-тапсырмадағы мысалдардың орындалу және тексеру тәсілін түсіндіре отырып есептеп топтар өзара бағалайды,есепті топта нақты шығарады .
Дескриптор: -жазбаша түрде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу алгоритмін шығара алады. -көптаңбалы санды нөлмен аяқталатын екі таңбалы санға бөлуге берілген тапсырманы орындай алады. Жұптық жұмыс №4 тапсырма. Өздері білетін екі таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдана отырып, оқушылар мәнінде нөлдер болатын жағдайда екі таңбалы санға бөлу алгоритмін дауыстап айта отырып, тексеру жүргізеді. 5-тапсырманы жұп болып орындау үшін ұсынады.
Дәптерде орындалатын өзіндік жұмыс Оқушылар тапсырманы орындамай тұрып, бағалау критерийін құрастырады:
Мен: Бөліндінің мәнінде нөлдер болатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдана аламын; -Тексере аламын. Критерий бойынша өзін-өзі бағалау. Шешу алгоритмін құрастыр. |
оқулықпен жұмыс
|
|||||
Сергіту сәті 1 минут |
Композитор Шәмші Қалдаяқов әні «Менің Қазақстаным»
|
Сергіту сәті |
|||||
Аяқталуы 10 мину |
Өткен материалмен жұмыс. № 7 тапсырма. өрнектердің мәнін тап Үй тапсырмасына беріліп отырған №11 тапсырма жаңа сабақты бекітуге арналған. 73 980 : 36 = 2 055 68 880 : 21 = 3 280 107 940 : 35 = 3 084 195 760 : 80 = 2 447 908 820 : 18 = 50 490 247 230 : 41 = 6 030 |
Оқулық, дәптерлер. |
|||||
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Берілген стикерлер арқылы сабақты бағалау жетістік баспалдағы арқылы
|
Стикерлер арқылы |
|||||