"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сабағы: «Біз және экология»

22.01.2020

Тексерді  тәрбие жұмысының меңгерушісі:                          Абильдинова Ж. А.

 Күні: 02.10.2019

 

Тақырыбы:  «Біз және экология»

Мақсаты:   Оқушыларға экологияның мәдениеттілікті қалыптастыру, табиғатты қорғауға, аялауға шақыру, табиғат байлығын қорғауға шақыру.

 

Көрнекілігі:               суреттер, нақыл сөздер, бейнежазба.              

                                                    

                                                               Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, назарларын аудару.

 Психологиялық ахуал туғызу.

              Қане, қане, тұрайық,

             Үлкен шеңбер құрайық.

             Тұрсақ үлкен шеңберге,

              Алақанға ұрайық.

Баяу күй орындалып тұрады.

  • Балалар, экология деген не?
  • Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

 

Мұғалім сөзі: 

     Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы –  *Біз және экология*. Бұл тәрбие са-ғаты арқылы өз Отанымызды құрметтеп,өз жерімізді ластанудан қорғауға ұмтылып, экологиялық сипаттарды болдырмау салдарын өз бойымызға игеру.

     Экология — грекше OIROS-үй, тұрақ, мекен, LOGOS-ғылым «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш 1866 жылы экология терми-нін неміс биологы Ә.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. «Экология – тірі организмдердің бір — бірімен қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланысты-рып зерттейтін ғылым, Қазақстанның жоғары оқу орындарында 1970 жылдан бастап «Экология» және «Табиғат қорғау» курстары оқытыла бастады.

 

*Алма* арқылы жер туралы түсінік беру.

    Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойы-мызды өрбітейік, тақтадағы Күннің суретіне қараңдаршы. Жарық күн көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

Бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?

Бұлттағы 1 тапсырма баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ой ойлап ойлауға 1 минут уақыт беріледі. 

 

Мұғалім:

   –Осындай жағымды ой күн бетіндегі даламыздағы лас ауаны ысырады Адамзаттың ғаламдық проблемаларынын болу себептері яғни осы заманғы экологиялық апаттың көлемін қарастырайық.

1-проблема. Жыл сайын 1млн гектардан астам алқаптың Орманы жойылуда.Орман алқаптары 1950ж. құрлықтың 15%-ын ғана құрайды.Ғаламшар алдағы 10 жылдықта–ақ оттегінің басты кездерінің бірінен айрылуы мүмкін.

2-проблема. Жиналатын қалдықтар көлемі ұдайы өсін келеді. Егер қажетті шаралар қолданылмайтын болса,10-15 жылдан кейін қалдықдар жер бетіне 5 метрлік қабат-пен жауып қалатыны есептеп шығарылған.

Екінші бұлтты ашамыз.

Табиғат туралы тақпақтар айту.

Мұғалім: –Мына суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсындар?

Қоқыстарды азайту үшін не істей аламыз?

1.Бір рет қана пайдаланылатын заттарды сатып алмауға тырысыңдар.

2.Белгілі бір затты сатып аларда оның өзіңе шынында да аса қажеттігін ойланыңдар.

3.Әлі де жөндеп алуға болатын заттарды лақтырып тастауға асықпаңдар.

4.Қораптарын қабылдау пункттеріне тапсыруға болатын өнімдерді алуға тыры-сыңдар.

 

- Қоқыстарды қандай әдіспен жою деп ойлайсыңдар?

 - Өртеу, көму, өңдеу немесе қоқыс шығаруды азайту. Пікірлерін айту.

Күн ашылды

Даламдай кең  пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ шуағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Аспанымыз жарқыраған күндей, Мейірімін төксін.

 

Қорытынды.

  Тәрбие сағатымызды  мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Табиғат әсемдіктің көркісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай тынысың.

Қазына «қара жер де» дейді халық,

Күн көрген, жерден алып..

Жер анадан үзімін кете алмаған,

Кемеңгер небір дана, небір алып.

 

Просмотров: 858


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст