Текст
"Өлеңті ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ шағын -орталық және мектепалды сынып тәрбиешілерінің онкүндік жоспарға сәйкес, шағын –орталығының тәрбиешісі Ж.С. Соспанова көркем әдебиетінен ашық сабағын өткізді.
Сабақ түрі ертегілер еліне саяхат "Шалқар" ертегісі. Сабақтың мақсаты: "Шалқар " ертегісінің рөлдерін бөлу, балалардың сөздік қорын байыту, балаларды өз бетінше ойлауға үйрету, әр кейіпкердің ерекшеліктерін ажырату, ертегіге деген қызығушылықты арттыру. Достыққа адал болу, мейірімділікке баулу, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Сабақ барысында балалар әртүрлі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді.Сабақ соңында рефлексия жасалды. Сабақтың мақсатына қол жеткізілді.