"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

математика пәнінен ашық сабақ мұғалім Рахимова Н.М.

30.01.2020

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:  5.3В: ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: № 2 орта мектеп лицейі

Күні: 14.02.19

Мұғалімнің аты-жөні: Рахимова Н.М.

Сынып: 5 ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ондық бөлшектерді азайту және қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ мақсаттары

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ түрі

Білімді бекіту сабағы

Бағалау критерийлері

  • ондық бөлшектерді қосу және азайтуды «бағандап» орындайды және түсіндіреді;
  • ондық бөлшектерді қосады;
  • ондық бөлшектерді азайтады;

Тілдік  мақсаттар

Ондық бөлшекке қолданылатын амалдардың алгоритмін түсіндіреді

Лексика және терминология:

  • бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі;
  • ондық бөлшек;
  • үтірмен ажыратылған цифрлар саны;
  • үтірден кейінгі цифрлар саны;
  • ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. бөліктер;
  • санды разрядтарға жіктеу;
  • разрядтық бірліктер;
  • ондық сандар.

Құндылықтарды дарыту

Құрметті топтық жұмыстар арқылы дарыту, топ ішіндегі бір бірін бағалау арқылы жауапкершілікті дарыту

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Бастапқы білім

Ондық бөлшек. Натурал сандарды алу және қосу. Сан разрядтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім есептердің жауаптарын тақтада көрсетеді, ал оқушылар көршілерімен алмасып есептерді сол жауаптармен сәйкестендіреді. + - таңбалары қойып, бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

«Кім жылдам?» интерактивті тақтада көрсетілген амалдарды әр топтан бір-бір оқушыдан тұрып ауызша есептейді.

0,7+0,3                              3,5+1,5                                                                

0,9 + 0,5                            0,26+0,14                                                            

8+2,3                                 0,9-0,4

0,29+0,71                          4-2,6

Бағалау. Мадақтама (мұғалім). Жарайсың! Тамаша! Керемет!

 Есептерге байланысты сабақтың мақсаты мен жоспарымен, ойын шарттарымен таныстырылады.

 

Слайд

Сабақ барысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс. Практикалық сабақ.

«Кім қырағы?» Тақтада көрсетілген амалдарда өшіп қалған үтірлерді қою қажет. Әр топқа бір есептен беріледі. (2-минут)

Бағалау. Мадақтама (мұғалім). Жарайсың! Тамаша! Керемет!

Тірек тапсырмалардың өзектілігін айқындау және оларды реттеу

4,5 адамнан тұратын топтарда карточкамен жұмыс. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Тізбекті дұрыс орындау арқылы бүгін біз қызықты географияға шолу жасаймыз. (3-минут)

1-топ. Ең ірі бақа - өгіз-бақа.

 

Америкалық құрбақа- 9    Голиаф -8   Алтын құрбақа- 10

2-топ. Ең сирек кездесетін құс - калифорниялық кондор.

 

Колибри-1,4   Калифорниялық кондор-4    Гагарлар-0,4

3-топ. Ең ірі көбелек - агриппин көбелегі: қанатының үзындығы 27 см.

 

агриппин көбелегі-10     Цинтия шатырқанат көбелегі -9     Көк морфо-8

4-топ. Ең кішкентай маймыл- ергежейлі  ойнақы маймыл Мармозетка -  – салмағы 50-75г, ұзындығы 30 см.

 

Мармозетка -   10,49        Саймири-   9,49          Ақ қолды гиббон-10

 «Ақылдассаң, шешерсін» ойыны. «Пазл» әдісі . Есептерді дұрыс орындау арқылы оқушылар жолбарыстың суретін құрастырады. (12-минут)

0,63+(2,78+5,37)=8,78

21,49+3,67+13,51=38,67

37,42 - (26,42+7,8)= 3,2

2,31+(7,65+8,69)=18,65

 (7,891+3,9)+(6,1+2,109)=20

14,537–(2,237+ 5,9)=  6,4

(24,302+17,879)–1,302 =40,879

20,04 - (6,064 + 10,04) =3,936

2,8 + 0,227 = 3,027

Бағалау. Мадақтама (мұғалім). Жарайсың! Тамаша! Керемет!

Сергіту сәті. «Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады.

Жұппен жұмыс. (10-минут)

 

Бағалау. Мадақтама (мұғалім). Жарайсың! Тамаша! Керемет!

Өзіндік жұмыс.

«Өзіңді тексер!» оқушы өзіндік жұмысты орындап, тақтадағы жауабымен тексеріп, өзіне-өзі баға қояды. (5 минут)

 

Дискриптор.

  • ондық бөлшектерді қосады;

- ондық бөлшектерді азайтады;

 

Сабақ соңы

3 минут

Қорытынды. Рефлексия

«Досыма хат» әдісі.

1.Сіз бүгін сабақтан не үйрендіңіз?

2.Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

3.Қай тапсырманы орындағанда қиындықтар болды?

Үй тапсырмасы: №791

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст