Бөлім: 6.2С Заттар және материалдар Мерзімі: 09.12.2019 Сынып: 6 «А» |
Мектеп: Өлеңті орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні:Сабырова Г.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
«Қазақстанның жер қойнауы байлықтары » |
||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.3.3.3. Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтайды |
||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
- Табиғи ресурстарды суреттер арқылы жіктеу; - Карта мен атласты пайдалана отырып Қазақстан табиғи ресурстарының шоғырланған орнын көрсету - Атласты пайдалана отырып Қазақстанның минералдық шикізаттарын көрсету - Қазақстандағы минералды қазбаларды қолдану салаларын білу |
||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
Оқушы: Табиғи ресурстардың түрлерін біледі; Картадағы табиғи ресурстардың шоғырлануын көрсете алады; Табиғи ресурстардың түрлерін ажырата және жіктей алады; Табиғи ресурстардың қолдану салаларын атай алады. |
||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: - табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауызша түсіндіре алады Пәндік лексика және терминология: Табиғи ресурстар: су, мұнай, көмір, табиғи газ, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, титан. |
||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» құндылықтары Табиғатқа мұқият қарау арқылы, оның аумағының және тұтастай алғанда Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу арқылы жұппен жұмыс істеу кезінде жүзеге асырылады. Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. |
||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Биология пәнімен биологиялық ресурстардың түрлерін сипаттау, сондай-ақ физика және химия пәндерімен физика-химиялық ерекшеліктерін |
||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру 6-сынып Заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу |
||||||||||||||||
АКТ қолдану |
Теледидар, ноутбук |
||||||||||||||||
ЖОСПАР |
|||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер
|
Ресурстар |
|||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин
5мин |
1. Ұйымдастыру кезеңі: Үй жұмысын пысықтау. Тұрмыстағы химия. Қауіпсіздік ережелері. Сабақ тақырыбын бейнеролик арқылы ашу (бұл, өз кезенінде, қызығушылықты оятуға көмектеседі, сонымен бірге оқушыларға пікірін айтуға мүмкіндік береді). Сұрақтар қою: Пайдалы қазба деген не? Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер? Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар? Оларды не үшін өндіреді? Өздерің өмір сүріп жатқан аймақта қандай пайдалы қазбалар бар? 2. Сабақтың негізгі мақсаты мен бағалау критерийлерін тұжырымдау . (үш тілде берілген негізгі ұғымдар) |
Бейнеролик
Слайд №1-2
|
|||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5мин
3мин
5мин
10мин
4мин
|
3. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтінді (еркін оқу) жеке оқу түрі ұсынылады. Топта жұмыс істей отырып, туындаған сұрақтары болса бірге талқылайды. 4. Мұғалім пайдалы қазбалардың жіктелуі және оларға мысал келтіре отырып, қолданылу саласы туралы ақпарат береді. Пайдалы қазбалардың шартты белгілеріне оқушылардың көңілін аударту қажет. 5.Жұппен жұмыс: кескін картаға пайдалы қазбаның кездесетін орындарын арнайы белгі арқылы көрсетеді және жазықта , Каспий теңізі жағалауынд а, таулы жерлерде кездесетін пайдалы қазбаланың түрлерін атап береді.Осылардың қайсысы өздері тұратын облыста немесе ауданда орналасқанын айтады. Ел экономикасында оларды қалай пайдаланатынын айтады. Жұмыс дескрипторлары: Кескін картада пайдалы қазбаның орындарын көрсетеді. Пайдалы қазбаның қандай мақсатта қолданылатынын көрсетеді. Басқа оқушыларға пайдалы қазбаның Қазақстанда таралуы мен қолданылуын түсіндіреді.
Табиғи кен орындарын контур картасына түсіру үшін түрлі түсті қарындаштар көмегімен екі түсті карталар мен бір контур картасы (толтырылмаған) беріледі.
Өзара тексеру - оқушылар карталарды айырбастап, бір-бірінің жұмысын дескрипторлар арқылы бағалайды.
6.Топтық жұмыс. 1-топ:Анықтамаларды және интернет ресурстарын пайдаланып, Қазақстанның қандай қазбалардың қоры бойынша дүниежүзінде алдыңғы орындарда екенін анықтаңдар.Пайдалы қазбаларды еліміздің экономикасында қандай рөл атқаратынын біліп алыңдар. 2-топ:Анықтамалар мен интернет ресурстарын пайдаланып, мұнайдың қандай салаларда қолданылатындығы туралы постер құрастырыңдар.
7.Жеке жұмыс Мәтінде оқыған және сабақ барысында талқылаған ақпараттарды ескере отырып, кестені толтырады, әр оқушы жеке жұмыс жасайды. Кесте «Табиғи ресурстар»
Бағалау: Оқушылар бір-бірінің жауаптарын дескриптор арқылы бағалайды.
(Бұл тапсырма көрнекі түрімен қабылдайтын оқушыларға есте сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, ол оқушылардың талдау және сыни ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді). |
Оқулық мәтіні
|
|||||||||||||||
Сабақтың соңы: 3мин
|
8. Рефлексия: Бүгін мен үшін жаңалық болды? Менде ................... құралдармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты. Бүгінгі алған білімімді ....................... пәндерде қолдана аламын Үйге тапсырма. §28 оқу (үлгермесе, кестені аяқтау) |
|
|||||||||||||||