Тәрбие сағатының тақырыбы: «Армысың, әз Наурызым!»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының
Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәс-түрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық та-ғамдар .
Барысы:
І. «Наурыздағы салт-дәстүрлер»
ІІ.Ән, би.
ІІІ. «Сұрақ – тапсырмалар»
ІV. «Ұлттық дастархан мәзірі»
1-оқушы:
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
2-оқушы:
Қауышып қайта оралған наурызға,
Ерніміз әрез тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
Қақ жарып әділдіктің қара қылын,
Келдің бе гүлге оранған Жаңа Жылым.
«Ақтабан щұбырынды-Алқакөлмен»
Жалғашы Арал, Семей аралығын.
3-оқушы:
Жаңа жыл, кел, төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырс,құт,
Болсын елде тыныштық.
Құтты болсын Наруыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
4-оқушы:
Қырдан бүгін бу ықты,
Қуды жерден суықты.
Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты,
Әне, Наурыз келеді.
Құлпырады жер енді.
*Гүлдер-айым* әні
Наурыз: Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,
Көк кілем төсеп, көк койлек киген өңір дүр,
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,
Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.
Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,
Бұл күн біле білгенде ғажап тым!
Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,
Наурыз күн-білі білгенге ғажап тым!
Әжелер шығып шашу шашады.
І бөлім «Наурыздағы салт-дәстүрлер»
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.
5-оқушы:
Дана халқымыз «Батамен – ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпа-ған ғой. Қанекей, Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.
Гүлзада әжей: Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектері көк болсын
Қайғы-уайым жоқ болсын.
Қуаныштарың көп болсын.
Би *Қара жорға*
ІІІ бөлім «Ата-салтың қазағың»
Наурыз: Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.
6-оқушы:
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен балалар,
Сол себептен (сіздерге қоятын сұрақтар бар).
Сұрақтар :
1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің? (Наурыз төлі)
2) Наурыз көже қалай жасалады? (7 немесе 9 тағам түрі)
3) Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар
4) Сүттен жасалатын тағамды ата? (құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)
5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады? (наурызкөк)
6) Наурыз айында бірінші өсетін өсімдік? (бәйшешек)
Тапсырмалар:
1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?
(Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады? (уыз)
3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен?
(Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
5) Наурызнама – деген не? (шат – шадыман, ойын-сауық )
6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)
7- оқушы:
Уа, халқым!Қазір өздеріңізге ақ батасын беріп, өнегелі өсиетттірін айту үшін ел ба-сына күн туып, ерлер етігімен су кешкен, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған ал-мағайып заманда халықтың бірлігімен тұтастығына ереңеңбек сіңіріп, түнектен шы-ғар дол нұсқап көшбасшысы болған өз бабаларымыз асу бермес Төле би, қазып айт-қан Қазыбек би, әділ үнді Әйтеке билеріміз келе жатыр.
Төле би: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін,
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Қазыбек би: Өрендерің ер болсын,
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмаған сағыңды
Бетін басып жер болсын!
Әйтеке би: Жарылқа Алла қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет, абырой, бақ-дәулет
Қызыр қарап, бақ қонып
Жақсылық үшін қызмет ет!
Мұғалім : Берген баталарыңыз қабыл болсын!
*Наурыз-көктем* әні
ІVбөлім «Ұлттық дастархан мәзірі»
8-оқушы:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз.
Би билейміз бәріміз.
9-оқушы:
Наурыз құтты болсын,
Дендеріміз сау мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытты бола берсін!
Еліміздің несібесі көп болсын.
Халқымыз көбейіп тоқ болсын!
Қош сау болыңыздар халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!
*Дастарқан* әні
Қорытынды: Сонымен «Армысың, әз Наурызым!» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Баршаңызды дастарқан басына шақырамыз.