"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы.» атты тәрбие сағаты

10.02.2020

Сынып сағатының тақырыбы: «Отбасы – тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы.».

Мақсаты:

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтүрі: сыныптан тыс шара.         

Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт.

«Еркелету» жылулық шеңбері.

(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)

ІІ. Негізгі бөлім.

Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен. 
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.

Ендеше үш топқа бөлінейік.

«Ана» тобы.

Ана туралы жыр.

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

«Әке» тобы.

Әке туралы жыр.

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

«Бала» тобы.

Бесік жыры.

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Қуанышың арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып

Біз боп саған қараймыз

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз.

Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.

1.Тыңдай білу.

2.Өзара сыйластық.

3. Белсенділік.

4. Қол көтеріп сөйлеу.

5.Уақыт үнемдеу.

Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың» үлгісін құрастырайық.

Ол үшін бақытты отбасының құрамын анықтап алайық.

Ойын: " Бұл кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.

1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.Ол кім? Атаның суретін іледі.

2. Ертегі айтып береді,

Күнімен саған ереді.

Әкешіңнің анасы,

Әкең оған баласы. Ол кім? Әженің суретін іледі.

3. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім?Әкесінің суретін іледі.

4. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім? Ананың суретін іледі.

Топтық жұмыс. Отбасылық постер жасау

1.Отбасындағы әкенің орны.

2.Отбасындағы ананың орны.

3.Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай бала болуларың керек?

Сергіту сәті.

Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.
Мақал -мәтелдің жалғасын табу. 

1топ.

1.Атаға қарап - ...............,

Анаға қарап - ..................

2. Ананың көңілі балада, ..........................

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

2 топ.

5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

7. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

3-топ.

9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),

11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

 

«Бақытты отбасы модулін» аяқтау.

Үйдің берік болып ұзақ қызмет етуі үшін іргетасы мықты болуы керек. Отбасының да мықты, берік, тату болуы үшін оның мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.

Қорытындылау. 
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1090


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст