Тақырыбы: Ана тілім – асыл мұрам
Мақсаты: Қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын тану, үлгі алу. Ел тағдырын шешен дана билер, ел ішіндегі талантты адамдар да тіл құдіретін көп танытып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді жоғалтпай ғасырдан-ғасырға жеткізіп, халықтың алтын қазынасына айналдырған. Жалаң ұрандардан гөрі халық мәдениетін тіл арқылы насихаттап, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жеткізу көзделеді.
Көрнекілігі: Тіл туралы ойлы сөздер, нақыл сөздер, домбыра.
Жүру барысы:Ұйымдастыру бөлімі:
Кіріспе сөз: «Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет».«Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл – қоғамдаға адамдардың қарым-қатынас құралы. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс».Олай болса, Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында
«Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын.Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.
«Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер жырламаған. Ана тілі әр адамға ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отыратын ұлы күш.Олай болса, ана тілімізді қадірлеуге, қастерлеуге арналған «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
1-бөлім: «Ана тілім - асыл мұрам» Оқушы: Келе жатқан мәңгіден дара салтым, Мақтанышым, елдігім, парасатым, Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім, Өміріме өң беріп жарасатын. Оқушы: Тілден өткен інжуді іздемеген, Көрмеген ел қаймығып, түзде неден.Бас кеспек болғанымен, тіл кеспек жоқ, Тірлігімнен тілімді үзбе деген..Оқушы:Тіл – ұлттық белгі, халықтың мұра, дүние - таным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тастай кескін-келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің, осындай халықтың қасиетті мұрамыз – ана тіліміз!Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті тіліміз.
Оқушы: Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек.Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда Отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.
Оқушы:Тілім менің тірлігі мол мұрамсың.Ата рухын жаныма қондырасың.Өзіңменен таныдым тарихымды, Кемелденген өзіңмен толды жасым.
Оқушы: Ана тілі құдірет күнім дедім, Күнім барда жадырап күлімдедім.Бар әлемге танылдым қазақ болып, Қазақ болып шарлайды үнім менің.Оқушы: сенсің тілім, өмірлік жан байлығым, Жан байлықсыз перзент боп жанбайды ұлың.Сенсіз менің, жұлдызды тағдырым да, Дін аманда солармен самғаймын мен.
Оқушы: Бар байлығым, бақытым, тілім менің, Тіл өнерін тапсырмас білім дедім.Жақсылықты жыр етіп осы тілмен, Жамандықты аяусыз тілімдедім.
Оқушы:Тағдырым тіл боп, туым толысты мың, Қияр дүние қиянмен тоғысты үнім.Заманымды жырлатқан өз тілімде, Халқым саған өлгенше борыштымын.
Оқушы:: Қайран Абай сендейсіз жесір өлең, Құрметіңді кеш білсем кешірер ем.Ұлылығың тұлғаңның ұққан сайын, Мен түскі көлеңкедей кішірейем.
Хор: «Желсіз түнде жарық ай»
Оқушы: Ана тілі – туған тілім, бас тілім, Сен арқылы дүние танып талпындым.Сен арқылы әлемге аян бар ісім, Сен өмірде таусылмайтын асылым.
Оқушы: Ана тілі – сенен биік шың бар ма?Сен арқылы жарып кірем мыңдарға.Сенсіз маған әуен қайда, жыр қайда, Мен шалқимын құдіретің тұрғанда.
Оқушы: Ана тілде шырқалады әнім де, Ана тілсіз болмайды еш сәнімде.Ана тілсіз танып алмай елімді, Ана тілсіз жырламаймын жерімді.
Тіл туралы не білеміз?
Оқушы:Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл.
Оқушы:Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп көрсетілген.
Оқушы: Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі болуы заңдылық.Жандарбек: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде ҚР-ның Парламенті «Тіл туралы» заң қабылдады.
Оқушы: Онда мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды жүргізуді кезең-кезеңімен көшіру керек деген.
Оқушы: Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлықпен қарау адамгершілікке жатпайтын өрескелдік.
Оқушы:Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауға тиісті Оқушы:Шығыстың ежелгі бір данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соңбалаңның достарын түзе» деген екен.
Оқушы: «Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, содан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткен абзал», - дейді Ә. Кекілбай атамыз.
Оқушы: Аймауытов: «ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына» деген.
Оқушы: О, Адамдар, қадіріне жетіңдер, Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.Әркімннің туған тілі – туған шеше.Оған бала міндетті сан мың есе.
Хор: «Ананың тілі – аяулы үні».
Оқушы:
Әкең – қазақ, шешең қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санаған.
Бірге: Отан, Ана, Ана тілің – үш анық,
Осыларсыз болашақта күнің жоқ.
Бәйге
Мақал-мәтел шығармашылығыңды шыңда
Кім жүйрік?
І топқа:1. Өнер алды не? (қызыл тіл)2. .Ең бірінші бақытым (халқым)3. Үш биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)4. Тілдің негізгі қызметі? (сөйлесу, қарым-қатынас жасау)5. «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? (сын есім)6. «Аққу дұшпан - ...» (ақыл дос)7. «Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)8. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997ж 11 шілдеде)9. Қазақта топ аттылардың жарысы қалай атайды? (бәйге)ІІ топқа: 1.Бал тамған тілдегі не? (у тамар)2.Ал екінші бақытым (тілім менің)3. «Туған тілім» өлеңінің авторы кім? (Д. Әбілов)4. Екі адамның сөйлесуін не дейді? (диалог)5. «Құрғақ» сөзінің қарсы мағыналы сөзі? (ылғал)6. Сөз анасы ... (құлақ)7. Бір топ аттылар тартыспағы қазақта қалай аталады? (көкпар(8. «Қр-ның мемлекеттік тілі –қазақ тілі» деп Ата заңның нешінші бабында көрсетілген? (7-бабында)
Мақал сөздің мәйегі Бұл бөлімде әр топқа мақалдың жартысы айтылады, әрі қарай жалғастыру керек.
1-топқа:
Жеті рет өлшеп, ... (бір рет піш)
Тіл тас жарады, ... (тас жармаса бас жарады)
Тіл – жұтамас ...(байлық)
Көп тыңда ... (аз сөйле)
2-топқа
Өнер көзі - ...(халықта)
Ана тіліңді ұмытқаның ... (өз тіліңді құртқаның)
Ақыл азбайды, ...(білім тозбайды)
Өнерлі ... (өрге жүзер)
«Шығармашылығыңды шыңда» Бұл бөлімде тіл туралы өлең шығару.
1-топқа 2-топқа
____________ сүйемін, ____________ ән-жырым, ____________ өлеңім. ____________ сырым.____________ асыр сап, ____________ арналат, ____________ келемін. ____________
өнерім.«Кім жүйрік?»«Тұлпар», «Қызғалдақ» сөздері беріледі, осы сөздерден сөз құрауға болады?
Қорытынды:
Мұғалім: Ана тіліміз қазір де үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын кез жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз – ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.Қымбатты шәкірттер! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екенін ұмытпа! Ана тіліңнің көсегесін көгерту, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Оқу – білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоршысы бола біл!