Күні: Пәні: қазақ тілі Сынып: 3 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Бәйшешек
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы айта алуға үйрету.
Өседі, гүлдейді етістіктерін орынды қолдануға үйрету
2. Дамытушылық: Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана білу.
3. Тәрбиелік: Айналаға, қоршаған ортаға қызығушылықпен қарау, табиғаттағы өзгерістерге мән беру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілік: суреттер, сызбалар, карточкалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау
(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).
2.Психологиялық дайындық (шаттық шеңбері, оқушылар шеңбер ішінде өз есімдерінен басталатын жағымды сөздер айтады)
3.Топқа бөлу (Жуан-жіңішке дыбыстар арқылы топқа бөліну)
ІІ. Қызығушылықтарын ояту:
Су ағып сай – саладан,
Тасып өзен толады.
Құстар кеп ән салады,
Бұл қай кезде болады? жұмбақты оқып, өткен тақырыптарды еске түсіру.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру
1. Оқушылар топ ішінде өздерінің дайындаған ауа райы парақшасын қорғайды.
2. Карточкамен жұмыс (карточкаларға өткен сабақта танысқан жаңа сөздерді тексеру)
Ауа райы – погода күндіз – днем
Түнде – ночью таңертен – утром
Кешке – вечером
ҮII. Жаңа сабақты меңгеру
Тем – тем – тем,
Келді көктем.
Шек – шек — шек,
Шығады Бәйшешек
Бәйшешек алғашқы үстінде
Өседі гүлдейді астында
Сөз тіркесін, сөйлемдерді құру
Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?
Бәйшешек қайда өседі?
Бәйшешек қашан гүлдейді?
V. Сергіту сәті.
VІ. Жаңа алған білімдерін тексеру
1. Жұмыс дәптерлерінде тапсырмаларды орындау
2. 5-тапсырма. Толықтырып оқу.
3. 6-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлесу.
4. Өлеңді түсініп оқу.
Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
№ |
Сөйлем |
Дұрыс (+) |
Бұрыс (-) |
1 |
Көктем айлары: наурыз,шілде,тамыз. |
|
|
2 |
Көктемде қар ериді. |
|
|
3 |
Көктемде құстар ұшып кетеді. |
|
|
4 |
Күн жылы, түн әлі салқын болады. |
|
|
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз
Көрсек бүршік жарғанын.
VІI. Рефлексия 3 «Н» әдісі
-Не туралы айттық?
-Не білдік?
-Нені үйрендік?
VII. Сабақты бағалау. (топтардың жинаған бәйшешек санына қарай бағалау)
VIII.Үйге. Бәйшешек туралы бір таппақ жаттап келу.